Таза Қазақстан: ақтаулық еріктілер тұрғындарды өлкенің тазалығын сақтауға шақырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оларды коммуналдық мекеме техникамен қамтамасыз етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Экологиялық науқанға қайырымдылықпен айналысып жүрген еріктілер де үлес қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Теңіз жағалауындағы демалыс аймағының маңын қоқыстан тазартқан 50-ден аса азамат қаладан 45 шақырым жердегі демалыс орнында сенбілік ұйымдастырған. Олар жағажайдың өзі таза болғанымен, жол жиегінің қоқысқа толғанын айтты.

– Бұл жерде шыны және пластикалық бөтелкелер тым көп. Біз қағаздарды бір бөлек, бөтелкелерді бір бөлек жинап жатырмыз. Бұл іске үлес қосып жатқан жандарға алғыс айтамын. Экологиялық акцияға 3 жылдан бері қатысып жүрміз, – деді ерікті Иман Досмұхамбетов.

Еріктілерді коммуналдық мекеме техникамен қамтамасыз етті. Акцияға қатысушылар тұрғындарды өлкенің тазалығын сақтауға шақырды. Олар «әрбір азамат жауапкершілікті өзінен бастауы керек» деген пікір білдірді.

– Ақтау қаласында 200 мыңдай тұрғын бар. Ал 20-ға жуық белсенді қоқыстың бәрін тазартуы мүмкін емес. Әркім өзінің қоқысын жинап, тиісті жерге тастауы керек. Сол кезде ешқандай мәселе туындамайды. Өз туған жеріміздің, Маңғыстаудың табиғатын аялайық, – деді ерікті Сергей Левин.

Оқи отырыңыз: Түркістан қаласының жеке дизайн коды енгізілмек

Новости партнеров