Тоқаев адамдардың жиналуына қатысты қатаң ескерту жасады
Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адамдардың жиналуы рұқсатпен болуы шарт екенін еске салды.
Бұл туралы видеоны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
"Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін", - делінген астына Қасым-Жомарт Тоқаев деп жазылған мәтінде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52