Ақтөбе облысында су тасқынынан кейін залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

elements.envato.com
elements.envato.com
ТЖМ өкілі елдегі тасқын ахуалын мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елдегі тасқын ахуалын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

- Атырау облысында тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілген режимде атқарылып жатыр. Исатай және Махамбет аудандарында жалпы ұзындығы 143 шақырым болатын қорғау бөгетін салу жұмыстары толығымен аяқталып жатыр. Атырау қаласында, Индер және Құрманғазы аудандарында бөгеттерді бекіту жұмыстары жалғасуда. Жайық өзенінің бойына аэровизуалды барлау жасалып, тасқын жағдайына мониторинг жүргізілді. Құлсары қаласында тасқын аумақтарынан су бағытын бұру және сорғыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысына Алматы қаласы мен Жетісу, Алматы облыстарынан көмекке келген Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарының бір бөлігі жұмыс орындарына қайтарылуда, - деді ол.

Министрлік өкілі әлі 6032 адамның эвакуация орталығын паналап отырғанын айтты.

- Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы жалпы ауданы 36,2 гектар су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы республика бойынша 43 658 адам өз үйлеріне оралды. Эвакуация орталықтарында 6032 адам бар. 7763 тұрғын үй мен 2844 ауладан су бағыты бұрылып, сорғытылды, - деді Асқар Шәріп.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы түйе шаруа қожалықтарында кене көбейді

Новости партнеров