|
11.11.2020 | 17:13
1323

Алматыда қайырымдылық фестивалі өтті

«Қызыл алма – берік және бақытты отбасының символы»

Алматыда қайырымдылық фестивалі өтті

Алматыда «Қызыл алма – берік және бақытты отбасының символы» атты қайырымдылық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға Республикамыздың әр өңірінен тағдыр тауқыметін тартқан мүмкіндігі шектеулі 43 бала қатысты. Талантты жас бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сондай-ақ ұйымға көмектескен еріктілерге бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

«Біз бұл шараны 9-рет өткізіп жатырмыз. Бірақ соңғы үш жыл қатарынан фестиваль ретінде өткізудеміз. Дамуында немесе қарым-қатынасында белгілі бір қиындықтарға тап болған балалар, шын мәнінде, іштерінде үлкен талантқа ие. Баланың талантын ашу мақсатында біз осындай іс-шара өткізіп жатырмыз», – деді фестиваль ұйымдастырушысы Эльмира Әлиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир