Қарттар күні қарсаңында "Алматы" телеарнасы "Жылулық сыйла" атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметкерлер қаладағы қариялардың үйіне арнайы барып, сыйлықтарды табыс етті.
"Сыйлықтар үшін көп рахмет. Күтпеген жерден сыйлық алу жағымды әсер қалдырады екен. Менің ойымша, адам әрқашан жақсы көңіл күйде жүруі керек", - деп бөлісті мегаполис тұрғыны Клара.
"Көп рахмет. Мен сіздердің арнаңызды, сериалдарыңызды көремін. Біз, зейнеткерлер, сериал қарағанды ұнатамыз. Мен 81 жастамын. Әкем соғыста қайтыс болған. Мен оны көрмедім. Сондықтан әлемде тек бейбітшілік болғанын, соғыс болмауын тілеймін", - деді алматылық Галина Николайқызы Нагаева.
Қатысушылар мен ұйымдастырушылар атап өткендей, акцияның мақсаты - ардагерлерге мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
"Менің көңіл-күйім жақсы. Мен Алматыда дүниеге келдім. Осында тұрып жатқаныма 73 жыл болды. Қазір зейнетке шықтым. Менің ойымша, қазақстандықтар - ең мейірімді халық. Мен осында тұратыныма қуаныштымын. Басқалардың да елімізді жақсы көргенін қалаймын. Сыйлықтарыңыз үшін арнаңызға рахмет", - деді мегаполис тұрғыны Валентина Григорийқызы Черных.
"Қарттар күні қарсаңында қайырымдылық акциясы жұртшылықтың назарын қариялардың өзекті мәселелеріне аудару мақсатында өткізілді. Бұл мереке - қоғамның аға буынға деген құрметі, ризашылығы мен сүйіспеншілігі. Егде жастағы адамдарға өздерінің керек екенін сезіндіру, оларға көңіл бөлу, қамқор болу өте маңызды", - деп атап өтті телеарнаның бас продюсері Ралида Мұқанова.
Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке әлемде алғаш рет 1991 жылы атап өтілді. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында Халықаралық қарттар күні деп бекітілді. Осыдан кейін Халықаралық қарттар күні деген атау қабылданды.
Айта кету керек, қайырымдылық акциясына серіктестеріміз «UNILACTIS DISTRIBUTION» ЖШС JLC өнімдерімен қолдау көрсетті.