|
23.11.2022 | 17:21
7987

Жамбылдық жас жігіт қоқысты қайта өңдеп, кәсіпке айналдырып отыр

Шағын цехта 8 адам жұмыс істейді

Жамбылдық жас жігіт қоқысты қайта өңдеп, кәсіпке айналдырып отыр Almaty.tv

Тірліктің көзін тапқан – байлықтың өзін табады. Жамбылдық жас жігіт қоқысты қайта өңдеп, кәсіпке айналдырып отыр. деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәулет Әсілтаев Қытайда білімін жетілдіріп, қайта өңдеу технологиясының қыр-сырын жетік меңгеріп келген. Осылайша туған өлкесіне тың идеямен оралып, қалдықты кәдеге жаратып отыр.

«Ашылғанымызға бір жылға жуық болып қалды. Қазақстанда құс фабрикасында жұмыс істегем. Сол салада сұраныс көп болды. Сондықтан аштық. Өндіріс көлемін артырамыз деп отырмыз. Қазір тағы да несие алып, үлкенірек құлылғы алуға үміттеніп отырмыз», – деді кәсіпкер Дәулет Әсілтаев

Нақтысы Дәулет Әсілтаев қалдық қағаздарды кәдеге жаратудың көзін тапқан. Шағын цехта 8 адам жұмыс істейді. Мұнда тәулігіне 3 тонна қалдықты кәдеге жаратып, 40 мың дана жұмыртқа салатын қаптама шығарылады.

«Тастөбе ауылында тұрамыз. Бұл жұмыста 4 ауысыммен 12 адам жұмыс істейміз, 2 күн демаламыз. Таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс уаұыты. Құрылығы тоқтамайды.Түкі ас тегін,  айлығымызды уақытында аламыз», – деді жұмысшы Нағима Жармаханбетова

Тау-тау болып үйілген қоқыстар сүзгіден өткізіліп, арнайы бассейндерде жұмсартылады. Сонан соң құрылғылар арқылы қалыпқа түсіріліп, одан жұмыртқа салатын қаптама әзірленеді. Ұзындығы 80 метрге жететін рельстік технологиямен 200 градус температурасы бар пеш арқылы кептіріледі.

Мұнда Қырғыз мемлекетінен келіп жұмыс жасап жатқан шетелдік азамат та бар. 25 жастағы Рабби Зәкірбекұлының қайта өңдеу цехында нәпақасын тауып жүргеніне 1,5 ай ғана болыпты.

«Келіп істеген жерді тазалаймыз. Жұмысты бастаймыз. Құрылғының техникалық жағдайын тексеріеміз. Бассейн  толып тұруы керек. Келген қоқысты өңдейміз», – деді жұмысшы Рабби Зәкірбекұлы

Цех басшысы алда өндірісті кеңейтуді көздеп отыр. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтуға да мүмкіндік береді.

Жомарт Есқара, Тілеуқабыл Саржан, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир