Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке еріктілер жұмылады

10.08.2023 22:22

Алматыда парақорлықты жоюға бағытталған жобаның алғашқы семинар-кеңесі өтті

aqmeshit-zhastary.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке даярлықтан өткен еріктілер де жұмылады. Бүгін Алматыда парақорлықты жоюға бағытталған жобаның алғашқы семинар-кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда тәжірибелі комплаенс-офицерлер жас мамандарға практикалық жұмыс дағдыларын таныстырды. 

Айта кетсек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы осы айда ғана іске қосылды. Оған белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға темекі өнімдері заңсыз кіргізілмек болған