Қазақстанға темекі өнімдері заңсыз кіргізілмек болған

bondik-kids.ru
bondik-kids.ru
Тауардың құны 1,3 миллиард теңгеден асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға Қырғыз республикасынан 2 вагон темекі өнімдері заңсыз кіргізілмек болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ондағы тауардың құны 1,3 миллиард теңгеден асады. Ал акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 миллион теңгені құрайды. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

– Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел іздестіру іс-шарасы, тиісті сараптамалар жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етуге жатпайды, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Жас қыздарды тартқан: Қазақстанда порнография түсірген топ әшкере болды

Новости партнеров