Алматы облысының фермерлері жәрмеңкеге 180 тонна азық-түлік әкелді

Алматы облысының фермерлері жәрмеңкеге 180 тонна азық-түлік әкелді
Тауарлардың жалпы құны 111 миллион теңгеден асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы ашылды. Қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының берген мәліметі бойынша Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алматы облысының 17 ауданы жалпы құны 111 миллион теңгеден асатын түрлі ауылшаруашылық өнімдерін жеткізген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы көлемі 180 тонна болатын азық-түлік тауарларының 50-ден астам түрлері ұсынылса, оның ішінде 50 тонна ет және балық өнімдері, 86 тонна жеміс-жилек, көкөніс, 14 тонна сүт өнімдері, сонымен қатар жарма, ұн, өсімдік және мал майлары бар. Жәрмеңке бағасы базардағыдан төмен. Алдағы күндері Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен осындай жәрмеңкелерді өткізу жоспарланып отыр.

«Астана алаңындағы саудаға салып жатқан шаруа қожалықтарына палатканы, сауда сөрелерін тегін беріліп жатыр. Шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Сол себептен өнімдер арзан сатылуда», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Қанат КӘКЕН.

Новости партнеров