Алматы қаласының жас суретшілері COVID-19 індетіне қарсы күресіп жатқан дәрігерлерге арнап мурал салды
Бұл жайында қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласының жас суретшілері COVID-19 індетіне қарсы күресіп жатқан дәрігерлерге арнап мурал салды. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қаламыздың жас суретшілері қауіпті індетпен күресіп жүрген біздің дәрігерлерге арнап мурал салды. Күн сайын медицина қызметкерлері өз бастарын қатерге тігіп, COVID-19-ға қарсы іс-қимылда алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Қауіпті індеттің беті қайтып, өміріміз қалыпты арнаға түскенде, осы муралға қарап, ақ халатты абзал жандарды ризашылықпен еске аламыз. Дәрігерлерге бас иеміз! #AlmatyBirgemiz», – деп жазады Мұқажанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34