140 миллиард теңге 5000 оқу гранты мен шәкіртақыны өсіруге бөлінеді

140 миллиард теңге 5000 оқу гранты мен шәкіртақыны өсіруге бөлінеді
Биыл 72,9 миллиард теңгеге ұлғайған Үкімет резервінің бір бөлігі Арыстағы жағдайды реттеуге жұмсалмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында алдағы екі жылға арналған бюджетті қабылдау барысында қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мәселесін қозғады. Осы тұста аз қамтылған жандар мен жастарды қолдауға бюджеттен 140 миллиардқа жуық теңге бөлінбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министрдің айтуынша, қыруар қаржы 5000 оқу грантын бөлу мен 120 мыңнан астам студенттің шәкіртақысын ұлғайтуға жұмсалады. Сондай-ақ бұл қаражат осы санаттағы азаматтарды жұмысқа тарту, тегін оқыту мен олардың жағдайын реттеуге де бөлінген.

«Көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша пәрменді шаралады кеңейту және күшейту мақсатына бөлінетін 138,6 миллиард теңге бақыланатын болады. Оның ішінде 1,5 миллиард теңге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары оқу орындарында қосымша 5000 білім грантын беруге, ал 2,4 миллиард теңге ағымдағы техникалық және кәсіптік білім беруде жұмысшы мамандағы бойынша оқып жүрген студенттерге стипендиясын 30 пайызға ұлғайтуға бағытталады. Бұл 122 мың оқушыны қамтиды», – деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Президенттің жарлығына орай, 2019-2021 жылдарға есептелген бюджетті қайта қарағандар оны мақұлдады. Жалпы Үкімет резерві 72,9 миллиард теңгеге ұлғайды. Бұл соманың бір бөлігі Арыстағы жағдайды реттеуге жұмсалмақ.

Жиын соңында Премьер-министр Асқар Мамин үш жауапты ведомствоға жұмыс орындарымен қамтитын орталық қызметін, жұмыс істейтін жастарға пәтер бөлу кезегін және аз қамтылғандарға үй алуға жеңілдік беретін қадамдарды тез арада қарастырып, ретке келтіруді тапсырды.

Новости партнеров