Жел, бұршақ, жаңбыр: 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: Achieva Life
Фото: Achieva Life
Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел 15-22 м/с күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел  тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні 15-20 жетеді. 

Ақмола облысының басым бөлігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, бұршақ жауып, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді. 

Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қарағанда облысында екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде жел тұрып, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Павлодар, Батыс-Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.    

Новости партнеров