Алматыда жас қаламгер Жәмиля Бақтиярқызының жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өзі ақын, өзі жазушы арудың туындысы «Қарлығаш махаббат ескерткіші» деп аталады. Ол жаңа еңбегінде жастар арасындағы қоғам дертіне айналған өзекті мәселелерді жазған. Ал қаламгердің ұстазы оның оқуға кішкентайынан зерек болғанын айтады.
«Мектеп кезден өте жақсы оқитын, менің оқушым болған. Білімге деген құштарлығы өте жоғары болатын. Өзінің зеректігі арқасында мынандай керемет туындылар өмірге келіп отыр», – деді Қазақстанның еңбек ері Аягүл Миразова.
Жәмиля Бақтиярқызының екі жыл бұрын жарық көрген тырнақалды туындысы әлемнің 6 тіліне аударылған. Алғашқы еңбегінде 10 жыл жанын қинаған дертпен алыса жүріп, басынан кешкен талай сәттерін қағазға түсірген жас жазушының өршіл, табанды мінезі оқырманның көңілін толқытқан еді.
«Жәмиля өзінің жан дүниесімен, өмірден көргені бар, білгені бар, көрген қиындығы мен қуаныштарын қағаз бетіне түсіріп жүретін. Соның барлығы «Бәйшешек» кітабында жазылған. Ал енді «Қарлығаш махаббат ескерткіші» туындысы – басқа», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.
Оқи отырыңыз: Astana Finance Days-2023: 70-тен астам елден мемлекеттік органдардың өкілі бас қосады