Қызмет бабын асыра пайдалған шенеунік сот залынан босатылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мұхтар Қоқанбаев 2023 жылдың маусымында ұсталған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы жазадан құтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған Мұхтар Қоқанбаев 2023 жылдың маусымында ұсталған еді. Содан бері тергеу жүргізіліп, экс-шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. Мемлекеттік субсидияны тез әрі кедергісіз аудару үшін компания өкілінен 13 миллион теңге алды деп айыпталған бұрынғы басқарма басшысы сот залынан босатылды.

– Мұхтар Қоқанбаев ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәсіз деп танылып, іс-әрекеті қылмыстық заң бұзу құрамының болмауына байланысты ақталсын. Қоқанбаевтың қылмыстық процессуалдық кодексінің 39-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуі заңсыз әрекетіне келтірген зиянын өтеу тоқтатылсын, - деді Қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы Талғат Қахаров.

Осы уақытқа дейін үйқамақта болған басшы енді мемлекеттік қызметке барып жұмыс істеуім екіталай дейді.

– Қобалжып тұрмын. Жақын туыстарым мен достарымнан бөлек, сыртта маған қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтамын, - дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаев.

Оқи отырыңыз: Қазынаға қомақты шығын келтірген басшыға қандай жаза қолданылады

Новости партнеров