Қазынаға қомақты шығын келтірген басшыға қандай жаза қолданылады

Сурет: ozenmunaigas.kz
Сурет: ozenmunaigas.kz
«ӨзенМұнайГаз» компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Күдіктілер қазынаға 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады. Тергеу барысында «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы бас директоры орынбасарының іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алып отырған танысын жұмысқа алып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны дәлелденді. Бұдан бөлек, компания директорының тағы бір орынбасарына жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды.

– Келтірілген шығын көлемі  623 млн теңге. Сонымен қатар алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «ӨМГ» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды, - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.  

Оқи отырыңыз: Алматыда 2 ЖЭО газға көшіріле бастады

Новости партнеров