Алакөлде 36 демалыс орталығы жұмыс істеуге рұқсат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандар 175 кәсіпкерді тексере келе, 36-ынан өзгесінің қонақтарды қабылдауға дайын емес екенін анықтаған. Бірақ биыл пандемия кезінде демалушыларға ортақ талаптарды сақтауға тура келеді. Бастысы – шипажайға бару үшін COVID-19-ға тапсырылған тест туралы анықтама қажет.
Сондай-ақ, халық арақашықтықты сақтап, маска киіп жүруі тиіс. Ал демалушыларды қабылдайтын демалыс орындары дене қызуын өлшейтін құрал мен санитайзер сатып алуылары керек.
Қазір көлдің Шығыс Қазақстан жағынан жаңа шомылу маусымы басталды. Ондағы Арбатта ара қашықтық сызығы сызылған. «Сергектің» 70 камерасы орнатылып, тәртіпті мониторинг топ бақылап отыр.
Айта кетейік, былтыр Алакөлге 700 мың турист келген.