TikTok-та билеп жүрген ауыл әкімі сөгіс алды
Қазіргі таңда әкімге қарсы тәртіптік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысы Жәйрем кентінің әкімі қоластындағыларымен билеймін деп сөгіс алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ауыл әкімі Аманғазы Нәукенов ауылдағы мәдениет орталығының бірнеше қызметкерімен қосыла билеген. Олар видеоны өнер мен мәдениет жұмысшылары күніне орай түсіріпті.
«ТикТок» әлеуметтік желісінде тарап кеткен бейнероликте карантин ережелерінің мүлдем сақталмағанын көруге болады. Шағын кабинетте бетпердесіз билеген мемлекеттік қызметкерлер арасында арақашықтық сақталмаған.
Тиісінше, қазіргі таңда әкімге қарсы тәртіптік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33