Наурызбай ауданында ерекше балабақша ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Бөбекжай 55 балаға шақталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ерекшелігі сол – қаладағы бөбекжайларда бұрын-соңды болмаған уайсфул (Wisefull) халықаралық орталықтың бір бағыты психологиялық әдіспен жұмыс істейді. Яғни онда әр баланың психологиялық және тұлғалық дамуына жағдай жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан мектепке дейінгі білім беру орталығы жеке меншік әріптестік серіктестігі аясында салынған. Бөбекжай 55 балаға шақталған. Ғимараттың салынуына 328 млн теңге инвистиция жұмсалыпты. Аудандағы 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.  

«Бұл балабақшаның мені қуантып тұрғаны -  оны ашып отырған адамның өзі көпбалалаы ана. «Батыр ана» десек те болады. Балалардың жағдайын көпбалалы анадан артық ешкім түсінбейді. Ондай аналар өз бойындағы мейірімін басқа да балаларға бере алады, мені сол қуантады», - деді Әйелдер ісі және демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Нағигүл БИСЕНБИНА.

Бүгінде Наурызбай ауданында 85 балабақша бар. Оның 3-еуі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Олардың барлығында 4382 бала тәрбиеленіп жатыр.

Новости партнеров