Алматы қараусыз қалған жануарлардан тазартылады

08.12.2023 22:32

Қалалық ветеринариялық қызмет штаты ұлғайтылды

Almaty.tv

Келесі жылдан бастап әрбір аудан әкімдігінен шаһарда бұралқы жануарларды аулауға қосымша бригадалар бөлінеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Ол аулау жұмыстарының жеделдігін арттыру үшін биыл қалалық ветеринариялық қызмет штаты 22 бірлікке ұлғайтылғанын және аулау қызметкерлерінің жалақысы 30% артқанын айтты. Арнайы техниканың 12 бірлігін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды, бұл бригадалар санын 2,6 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Аулау тиімділігін арттыру үшін келесі жылдан бастап ауданның әр әкіміне 2 бригада бекітіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысында сөз сөйлеп, өкілеттіктерді одан әрі орталықсыздандыру және кейбір мәселелерді аудандық деңгейге, соның ішінде бұралқы жануарларды аулауға беру туралы хабарлады. Қала басшысының айтуынша, аудан әкімдіктерінде проблемалық жерлерді біледі және тұрғындардың шағымдарына тезірек әрі тиімді жауап бере алады.

Ерболат Досаев айналасындағылардың және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан бұралқы жануарлардың мәселесін шешу қажеттігін атап өтті.  Оның айтуынша бұл шаруа тұрғындармен болатын кездесуде жиі көтеріледі.

Қала басшысы мегаполистегі қараусыз қалған үй жануарларының көбеюіне тоқталып, тұрғындарды үй жануарлары үшін жауап беруге шақырды.  - Бұралқы жануарлардың санын реттеуді ізгілендіру мақсатында біз аулаймыз, вакцинациялаймыз, чиптейміз, бірақ иттерді кейін жіберуге мәжбүрміз. Өйткені қаладағы арнайы қабылдағышты ескерсек, барлық итті ұстауға мүмкіндік жоқ. Мен еріктілерге, бұралқы жануарларды күтуге, оларды жаңа отбасыларға қосуға көмектесетін адамдарға алғыс айтқым келеді. 2024 жылы аулаумен жұмысты жақсарту және қараусыз қалған жануарлармен мәселені шешу үшін қосымша шаралар қабылдау қажет, - деді Алматы әкімі.

Қараусыз қалған жануарларды аулау үшін қалада күн сайын 6 бригада жұмыс істейді. Олар жануарларды диагностикалайтын, тексеретін, емдейтін және ұрықсыздандыратын уақытша ұстау пунктіне апарады.

Ұстау, ұрықсыздандыру, вакцинациялау және босату бағдарламасы бойынша Алматыда бүгінгі таңда 1 428 ит, 64 мысық шығарылды, оларға зооеріктілер мен зообелсенділер жетекшілік етеді.

Оқи отырыңыз: Жасыл Алматы: 2023 жылдың соңына дейін қанша көшет отырғызылады