|
01.07.2019 | 17:34
3855

Бақытжан Сағынтаев Алматыны тұрғындармен бірлесе отырып дамытатынын айтты

Құрам жасақталғалы бері барлығы 107 кеңес, 127 комиссия отырысы, 84 қоғамдық мониторинг және 16 қоғамдық тыңдау өткізілген

Бақытжан Сағынтаев Алматыны тұрғындармен бірлесе отырып дамытатынын айтты

Алматы қаласының дамуына байланысты сұрақтар міндетті түрде халықпен ақылдасып шешілуге тиіс. Мегаполистің жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қандай да бір жаңашылдық енгізбес бұрын тұрғындардың пікірін тыңдаған абзал дейді ол.

Қала басшысы алғашқы жиынды дәл осы Қоғамдық кеңеспен өткізудің маңызы зор екенін алға тартты.

«Республикадағы ең белсенді ұйым саналатын қаланың Қоғамдық кеңесі құрылғалы бері қала тіршілігіне қатысты ең өткір әрі барынша ауқымды мәселелердің кең спектрін шешу үшін орасан зор жұмыстар атқарды. Олар: экология, сәулет, көлік, қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа бірқатар қала жобалары, оның ішінде Ботаника бағын, теміржол вокзалдарын, т.б. қалпына келтіру жұмыстарын айтуға болады. Бұлардың барлығы әкімдік қабылдаған шешімдерде көрініс тапқан», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Шаһар басшысы Алматы қаласына қатысты мәселелерді талқылауда жас буынның пікірі өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, әкім қалада жастардың білім алуына барынша жағдай жасалып, тұрғындарын өмір сүру сапасын жақсарту керектігін алға тартты.

«Сіздер үнемі халықпен біргесіздер. Сіздер қала тұрғындарының көңіл күйін жете білесіздер. Азаматтар мен қоғамның негізгі талаптарын сезіне отырып, сіздер оларды мемлекет мүддесімен үндесуге, билік органдарының оларды шешуіне көмек берсеңіздер... Мен азаматтармен ашық коммуникацияны қалаймын, сондықтан қаланы дамыту жоспарларымен бөлісуге, оларды ашық талқылауға әрқашан дайынмын. Ендеше, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға, инфрақұрылымдарды жақсартуға қатысты шешімді барлығымыз жұмыла отырып, бірге қабылдайық», – деді Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің алғашқы құрамына 37 мүше сайланды, олардың 31-і – мемлекеттік емес сектор мен азаматтық қоғам өкілдері. Құрам жасақталғалы бері барлығы 107 кеңес, 127 комиссия отырысы, 84 қоғамдық мониторинг және 16 қоғамдық тыңдау өткізілген. Бұдан өзге, Қоғамдық кеңестің мәжілістерінде нормативті-құқықтық актінің 475 жобасы қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға 462 ұсыныс жіберілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир