|
08.02.2019 | 17:34
4433

Жемқорлық :«Қазақстан теміржолының» 30-дан астам қызметкері ұсталды

Сотрудники Нацбюро провели спецоперацию в пяти областях Казахстана

Жемқорлық :«Қазақстан теміржолының» 30-дан астам қызметкері ұсталды

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының отыздан астам қызметшісі жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қолға түсті. Тасымалдаушылардың былығын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері әшкерелеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үш айға сөзылған бақылау операциясының нәтижесінде Астана, Шымкент қаласы Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының теміржолшылары жеңіл ақшаға қол жеткізу жүйесін құрғаны анықталған.

«Қазақстан теміржолында» ірі жемқорлық жүйесі анықталды. Жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін экономикалық қылмыс туралы 50 отандасымыз өзара серттескен.

Оның 31-і тасымалдаушы компанияның өкілдері. Қызметтік тексеріс жүргізбеу мен «қамқорлық жасағаны» үшін Астана, Шымкент қаласы мен Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарындағы компания басшылығындағылар қоластындағылардан жүйелі түрде ақша алып келген. Былыққа құзырлы органдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен жолсеріктердің де қатысы бар.  

«31 адамның 3-уі ревизор, 3 көлік испекциясының өкілі, 9-ы жеке тасмалдаушылардың қызметшілері, 6-уы вокзал кезекшісі, 2-уі құзырлы орган мамандары. Тағы 6 адам – ортадағы дәнекерлер. Олар қаржы тасыған. Соңғы аталғандар өзара туыс жандар. Олар тек алған ақшаны лауазымды тұлғаларға жеткізіп отырған», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-агенттігі басшының орынбасары Шыңғыс ҚАБДОЛЛА.

Агенттікте Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің сыбайласы ұсталғаны айтылды. «BNB Contruction» жеке компаниясының директоры бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілініп отыр. Қазір облыстық құзырлы орган кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеуді бастаған. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, мамандар оның аты-жөнін атаған жоқ.

«Ол Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің қылмыстық қоғамдастығы бақылауындағы тапсырыс берушілер мен мердігерлік және өзге де заңды тұлғалармен қосалқы мердігерлік келісімді рәсімдеу арқылы 6,6 миллиард теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. 2018 жылғы 4 желтоқсанда күдікті кінәсін мойындап келді. Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотының шешімімен күдікті қамауға алынды», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман БЕРДАЛИН.

Ал жуырда Маңғыстау облысында мемлекеттің қомақты сомасына залал келтірді деген күдікпен денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қолға түскен. Қазір күдікті қашып кетпес үшін оның жанына күзет қойылған деді агенттік өкілдері.  

«Ол шетел компаниясын аккредиттеу шарасын заңсыз жеңілдету, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі бойынша мұз сарайының құрылысына іс жүзінде сәйкес келмейтін жабдықты жеткізуді растау арқылы лауазымын теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілініп отыр. Нәтижесінде, мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілген», – деді Арман БЕРДАЛИН.

Ал Қызылордада діни экстремизммен күреске бөлінген қаржы жекенің қалтасын кеткен. Облыстың Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары азаматтардың діни ағарту жұмыстарына жұмсаймыз деп, 2,1 миллион теңгені қоғамдық қорға аударған. Бірақ ешқандай іс істелмеген. Сонымен қатар, Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының судьясы алаяқтыққа барғаны анықталды. Ол жеке тұлғадан жылжымайтын мүлік дауын шешіп беремін деп 10 мың АҚШ долларын алған. Екі іске де қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир