|
29.04.2019 | 17:34
3803

Ел Үкіметі ауыл тіршілігін жаңғыртпақ

Соңғы 7 жылда қала тұрғындары 10 млн 700 мыңға жеткен

Ел Үкіметі ауыл тіршілігін жаңғыртпақ

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері 5,5 миллион адам тұратын елдімекендерге жаңа тыныс беріп, сол арқылы халықтың жаппай қалаға ағылуына тоқтау салмақшы. Бастамаларды шенеуніктер «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында ауыл мәселесін қатаң тапсырған болатын. Үкімет отырысында осы жоба туралы мәлімдеме жасаған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша, медициналық орындар мен жолдар жөндеуден өтеді деді.

«Басқарылатын урбаницазия тиімді түрде әлеуметтік-экономикалық прогресске және халықтың табысын арттыруға ықпал етеді. Соңғы 7 жылда қала тұрғындарының саны 10 млн 700 мыңға жетті. Ауыл халқының саны 3,5 пайызға азайды. Қазіргі таңда республикадағы 6,5 мың ауылда 7,7 миллион адам немесе елдегі халықтың шамамен 42 пайызы тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасын 2025 жылға дейін жүзеге асырсақ, ол осы 5,5 миллион адам тұратын, даму әлеуеті жоғары елдімекендерді жаңғыртуға мүмкіндік береді», – деді Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Жобаға арналған қаржының 20 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин отырыста бұл пайыздық мөлшерді көбейтуді әкімдерге жүктеді. Ал, қалған соманы аймақтардағы қалталы меценаттар бөлуі тиіс. Олармен келіссөз жүргізуді Үкімет басшылары сол өңірдің басшыларына тапсырды. Айта кетейік, биыл жоба 52 ауылдық жерде басталып кетті. Бір жылда аталмыш мекендерде 400-ден артық іс-шара өтеді. Олардың арасында Алматы және Қостанай облыстары да бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

село
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир