Қаратауда 8 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген күдікті өзіне тағылған айыпты мойындады

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
37 жастағы ер азамат бұған дейін ұрлық жасап сотталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаратауда 8 жасар қызды өлтірді деп күдіктелген 37 жастағы қала тұрғыны өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр. Ол бұрын қылмыстық кодекстің 175-бабы бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін істі болған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдіктіден барлық қажетті заттай деректер де алынған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілдері сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижесін бір айдың ішінде айтамыз деді.

«Бізге оның мойындағаны немесе мойындамағын маңызды емес, өйткені қажетті айғақтың бәрі бар. Бірақ, қандай айғақ екенін тергеу құпиялығына байланысты айта алмаймыз. Тергеу аяқталғаннан кейін айтылады. Қазір бірнеше сараптама тағайындалды. Олардың нәтижесі 1 ай көлемінде белгілі болады», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман ОРАЗАЛИЕВ

8 жасар Аруай Берік 24 сәуір күні балалар өнер мектебіндегі би үйірмесіне барып, үйіне оралмаған. Шұғыл түрде жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, бір күннен кейін қыздың денесі қала шетінен табылған еді. Оны зорлап, пышақтап, кейіннен өртеп кеткен. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Новости партнеров