Шымбұлақ тау-шаңғы курортына келушілер саны артты

Almaty.tv
Almaty.tv
Келер жылы қауіпсіз шаңғы үйрену трассасы іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымбұлақ тау-шаңғы курортына келушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы демалыс орнының дәстүрлі түрде сырғанау маусымының ресми ашылуында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келер жылы өзінің 70 жылдығын атап өтетін Шымбұлақ жаңа кезеңге маңызды жобалармен аяқ басқан. Соның ішінде шығармашылық кәсіп өкілдеріне арналған креативті ХАБ пен базалық стансада сырғанай алмайтындарға арналған жаңа, қауіпсіз үйрену трассасының іске қосылуы бар. 

Еске салайық, кешен биыл наурызда әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы бар курорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

– Қонақ саны орта есеппен 25-27 пайызға өсті. Шетелік туристер де орта есеппен 20-25 пайыз келді. "Комби-1" орта станциясында да ақпараттық орталық ашылады, – деді «Шымбұлақ» ТК бас директорының орынбасары Ләззат Бастаубаева. 

Новости партнеров