Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы жыл басынан бері 17,1 пайызға өсті
Фото: ulysmedia.kz
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2 пайызға, ай басынан бері 1,1 пайызға, жыл басынан бері 17,1 пайызға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің биылғы бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі бағадан 2,2 пайызға жоғары.
Бұдан бөлек кейінгі бір апта ішінде қырыққабат – 9,3% пайызға, картоп – 1,5% пайызға арзандаған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.
ҚР бойынша биылғы орташа бағасы:
- Сары май – 3236 тг/кг
- Сиыр еті – 2195 тг/кг
- Сүзбе – 1712тг/кг
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00