Екі жасар өгей баласын ұрып өлтірген алматылық 18 жылға сотталды

Екі жасар өгей баласын ұрып өлтірген алматылық 18 жылға сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі жасар өгей баласын өлтірген 34 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1985 жылы туған азаматқа қатысты үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды», - деді аталған соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы Жеңіс Құрманғазин жазасын қауіпсіз колониясында өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ол 15 күн ішінде қайта шағым түсіре алады.

Еске салсақ, Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға 23 қыркүйек күні болған.

Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Бала комаға түсіп қалған. Кейін таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.


Новости партнеров