|
23.07.2019 | 17:57
5575

Алматыда тағы да заңсыз ойын автоматтары тәркіленді

Экономикалық тергеу департаменті соңғы екі айда 600-ге жуық ойын автоматтарын тәркілеген

Алматыда тағы да заңсыз ойын автоматтары тәркіленді Иллюстративное фото

Қалалық экономикалық тергеу департаменті жүргізген рейд кезінде, Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысындағы ғимараттан ойын автоматтары табылды. Әлгі жерде жедел іздестіру барысында Департамент мамандары 15 компьютер, бір ойын автоматы және 30 мыңға жуық ақша тәркіледі,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ойыншылар түсірілім тобын көре сала жапа-тармағай қаша жөнелді. Белгісіз біреу ғимаратты жарықтан ажыратып тастады. Өзін оператормын деп таныстырған келіншек, ғимараттың иесін танымайтын болып шықты. Тек телефон арқылы жұмысқа қабылданыпты-мыс.

Тергеушілер куәгерлардан жауап алғаннан кейін техникалар түгелдей көлікке тиеле бастады. Жауаптылардың айтуынша, тәркіленген заттар мемлекет меншігіне өтеді.  

«Бұл – қылмыстық істің аясында жүргізілетін іс шара. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданады. Терминалдардың тағдырын сот органдары шешеді. Мүшліктер мемлекеттің меншігіне беруі мүмкін. Немесе жоюы да ғажап емес. Егер аталған шаралар жүргізілсе, сот орындаушыларымен бірге іске асырамыз», – деді Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық МЫРЗАХАН.        Экономикалық тергеу департаменті соңғы екі айда 600-ге жуық ойын автоматтарын тәркілеген. Жыл басынан бері 22 қылмыстық іс қозғалған. Мамандар алдымен ойын бизнесіне жол бергендерді жауапқа тартатындарын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир