Алматы – Талғар бағытында жаңа автобус жүргелі жатыр

кадр из видео Almaty.tv
кадр из видео Almaty.tv
Алматы әкімдігі тамыз айының басында Талғар бағытына қосымша тағы 20 шақты автобус шығаратынын мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы – Талғар бағытында әлі 15 жолаушылар автобусы жетіспейді. Бүгінде ол бағытта тек Құлжа тас жолы арқылы жүретін №203 автобус қатынайды. Алматыға жиі қатынайтын облыс тұрғындары  «Оңай» жүйесі арқылы жүретін көліктерді көбейтуді сұрап отыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Расымен де, өте ыңғайлы автобус. Тағы да бұл бағытта автобустар қосу керек. Өйткені адам көп,  автобус арзан болғандықтан, барлығы жұмысқа осымен барғысы келеді», – деді бір тұрғын.

«Бұрын осы екі ортада 400 теңгелік таксимен жүретін едік. Мына автобус шыққалы жақсы болды. Елдің бәрі осымен жүргісі келеді. Автобустарды көбейтсе жақсы болар еді», – деді келесі бір тұрғын.

Тұрғындардың талабы бойынша Алматы әкімдігі тамыз айының басында Талғар бағытына қосымша тағы 20 шақты автобус шығаратынын мәлімдеді. №207 бағыттағы автобустар облыс пен қаланың ортасын Талғар тас жолы арқылы жалғап, Тұздыбастау, Белбұлақ, Бірлік, Қызылқайрат сынды бірнеше ауылдың тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

«№207 бағытты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Автобус кең, көп адам сыяды, және «Оңай» жүйесімен де жабдықталған. Олар да осы «Саяхаттан» Талғар қаласына қатынайтын болады. №203 және №207 бағыттарды «Думан» жекеменшік автопаркі алып жатыр. Сондықтан бұл автобустарға қала бюджетінен ешқандай шығын болған жоқ», – деді Алматы қаласы мобилділік басқармасының бас маманы Шыңғыс БАЙҚАДАМОВ.  

Новости партнеров