«Артспорт» бағдарламасы аясында балалар бір ғана үйірмеге қатыса алады
Almaty.tv
Үйірме саны қысқарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Артспорт» бағдарламасы аясында балалар бір ғана үйірмеге қатыса алады. Ал спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің бағасы қайта қарастырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар ол үйірмелерді қаржыландыруға қосымша 97 млрд теңге қажет екенін жеткізді. Бұдан бөлек, спорт түрінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірме 59-дан 30-ға дейін қысқаратыны белгілі болды.
«Біз ешқашан жауапкершіліктен қашпаймыз. Бағдарлама жабылады деуге де ешқандай негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді. Әр аймақ оған қажетті қаржыны қарастырып жатыр», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52