Әуежайда жүк тасымалдау ережесі өзгерді. Енді ұшаққа әр жолаушы 1 сөмкемен 23 келіге дейінгі жүкті ғана өзімен тегін алып жүре алады. Бұл эконом класстағы жолаушылар үшін. Ал, бизнес класқа билет алсаңыз, онда салмағы 32 келі болатын екі сөмкені алып жүруге құқыңыз бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әуе компания өкілдері, мұндай өзгеріс жолаушы чемоданын тез табуға септігін тигізеді дейді. Сонымен қатар, олар құжаттарды рәсімдеу кезінде де уақытты үнемдеуге болатынын айтуда.
«Мұндай жаңашылдық тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін енгізіліп жатыр. Енді бұрынғыдай бірнеше шағын сөмкені жүк тасымалдайтындарға өткізіп, оны жоғалту деген болмайды. Егер қосымша сөмке өткізем дейтіндер болса, 30 пайыз жеңілдікпен орын сатып алуларына болады», –дейді Air Astana компаниясының өкілі Ислам СЕКЕРБЕКОВ.