Арыс қаласында 551 үй толықтай қалпына келтірілді

Арыс қаласында 551 үй толықтай қалпына келтірілді
Қаңырап қалған қаланы қалпына келтіру үшін 184 құрылыс компаниясы, 4000 маман, 186 техника жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тәулігіне 80-нен астам үйдіп жөнде жатқан құрылысшылардың  бүгінде 551 үйді толықтай қалпына келтіріп үлгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Жалпы, қаңырап қалған қаланы қалпына келтіру үшін 4000 маман, 186 арнайы техника жұмылдырылған. Соның ішінде алматылық бригада Арыстағы 2725 тұрғын үйді жөндеп, 500 баспана мен 4 дүкенді және мектепті қайта тұрғызып жатыр.

Айта кету керек, еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин қаладағы барлық зардап шеккен нысандар 1 тамызға дейін иелеріне табысталуы тиіс деген тапсырма берген болатын.

Арыс қаласын қалпына келтіру

(10 шілде)

Қалпына келтірілген нысандар – 551 үй

Бір тәулікте – 80 үй

Жұмылдырылған – 4000 құрылысшы, 186 арнайы техника, 184 құрылыс компаниясы

Новости партнеров