|
22.09.2023 | 14:53
2022

Сенат қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын заң жобасын мақұлдады

18 жасқа толған азаматтар да петицияға қатыса алады

Сенат қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын заң жобасын мақұлдады Almaty.tv

Сенат қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын заң жобасын мақұлдады. Маңызды құжат бойынша 18 жасқа толған азаматтар да петицияға қатыса алады. Ал 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық өтініштер Үкімет деңгейінде қаралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа заң жобасын жоғары палатаның жалпы отырысында сенатор Руслан Рүстемов таныстырды. Оның айтуынша, қоғамдық бақылаудың негізгі формалары ретінде қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау ұсынылған.

– Біріншіден, заңнамада петиция ұғымы беріледі. Екіншіден, әкімшілік рәсімдік-процестік петицияларды беру және қарау тәртібі регламенттелді. Үшіншіден, петицияны ҚР азаматтары арнайы интернет порталы арқылы бере алады. Төртіншіден, уәкілетті орган петиция жария болғанша оны заңда белгіленген шарттарға сәйкестігін анықтайды, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов.

Оқи отырыңыз: Елімізде монополист компания мұнайды 30 есе жоғары тарифпен тасымалдаған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир