Алматының волонтерлік ұйымдары жыл басынан бері 26 мыңнан астам қала тұрғынына көмек көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда еріктілер жылын өткізу аясында 78 іс-шараның жоспары бекітілді. Оның ішінде 700 мыңнан астам адамды қамтыған 12 серпінді (зәкірлі) бар. Барлық жобалар мен іс-шаралар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленді және үйлестірілді – волонтерлікті «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша дамыту; аптасына 2 сағаттан корпоративтік волонтерлік, әлеуметтік волонтерлік және т. б.
Карантиннің бірінші күнінен бастап Алматы қаласының әкімдігі Жастар лофт-орталығының негізінде жедел волонтерлік штаб құрылып, оның құрамына қалалық волонтерлік, медициналық және қоғамдық ұйымдар енді.
Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық волонтер жұмыс істеді, оның ішінде штабқа 100-ге жуық тұрақты волонтер тартылды. Еріктілерге коронавирустың таралуы жағдайында қауіпсіздік техникасы мен гигиена ережелері үйретілді. Сонымен қатар, еріктілерге төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары мен мінез-құлық ережелері туралы қажетті нұсқаулар берілді. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында волонтерлер үшін жеке қорғаныс жағдайлары жасалды. Бұл арнайы киімдер, маскалар, стерильді қолғаптар, бахилалар, антисептиктер, сондай-ақ арнайы көлік пен тамақтану қамтамасыз етілген.
Штабтың негізгі қызметі халықтың мұқтаж санаттарына көмек көрсетуге бағытталды.
«Пандемия кезінде мұқтаж 26 мыңнан астам азаматқа азық-түлік пакеттері, медициналық бетперделер тарату, дәрі-дәрмек жеткізу түрінде көмек көрсетілді. Штаб тұрақты негізде қоғамдық орындарға мониторинг жүргізді. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті органдар кәсіпорындардың жұмысын шектейтін шаралар қабылдады. Сондай-ақ, еріктілер қалалық медицина қызметкерлеріне басқа елдерден келген азаматтарды ауруханаларға орналастыруға көмектесті», – деді Б. Анарбаева.
Қазіргі уақытта жедел еріктілер штабының волонтерлары келесі бағыттар бойынша көмек көрсетті:
- 4115 мұқтаж және әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсетілді, 193 отбасына медициналық бетперделер таратылды, ірі супермаркеттерде 9972 азық-түлік пакеттері өлшеніп, оралып (әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының ұсынылған тізіміне сәйкес мүгедектік дәрежесі бар тұрғындарға, қарт адамдарға-тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және т. б. тасымалдауға көмек көрсетілді);
- 166 нысанда қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 80 нысанда бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады (қызметті жүзеге асыруда шектелген сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істеді);
- қаланың 100 дәріханасында қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтауға қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады;
- симптомсыз коронавирустық инфекциямен ауыратын 80-нен астам тұрғынға дәрі-дәрмектерді тасымалдауға көмек көрсетілді;
- 5000 гуманитарлық көмек қорапшасын түсіру;
- 6250 тұрғынға жедел желі телефоны арқылы адамдармен байланыссыз ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көрсетілді (күн сайын call-орталыққа 100-ден астам қоңырау түседі).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін волонтер жылының ресми жабылуы аясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы және Мемлекет басшысының атынан волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдеріне марапаттар мен алғыс хаттарды табыс еткен болатын.
Анықтама: қала волонтерлері үшін almaty-volunteers.kz волонтерлер сайты жұмыс істейді