|
13.11.2020 | 17:47
7302

Алматыда 2021 жылғы сайлау мәселелері бойынша Call-орталық ашылды

Call-орталық аптасына 7 күн 8.00-ден 20.00-ге дейін 221-10-01 бірыңғай нөмірі бойынша жұмыс істейді

Алматыда 2021 жылғы сайлау мәселелері бойынша Call-орталық ашылды иллюстрированное фото: islamicbanks.ru

Қала сайлаушылары үшін Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарын сайлауда сайлау учаскелері туралы ақпарат беретін Call-орталықты іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Call-орталықтың жұмысы туралы Алматының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова, Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлады.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлағандай, өз сайлау учаскесін тексергісі келетін және дауыс беруге қатысу туралы көбірек білгісі келетін алматылықтар үшін 221-10-01 бірыңғай нөмірімен тегін байланыс-орталығы құрылған. Call-орталық операторлары сайлаушылардың дауыс беру барысы және сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларды түсіндіре алады.

Call-орталықты ұйымдастырудың мақсаты халықты кеңінен ақпараттандыру және қала тұрғындарын сайлауға қатысты мәселелер мен процедуралар бойынша кеңес беру арқылы сайлау барысына тарту болып табылады.

«Дауыс беру процедурасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңмен регламенттелген. Азаматтар үшін бұл бірінші кезекте сайлаушылар тізімінде болу. Азаматты нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне қосуға оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуде тұруы негіз бола алады», – деп атап өтті Ж. Асанова.

Өз кезегінде Б.Қоңырбаев 2021 жылы сайлау өткізуде call-орталық жұмысының маңыздылығына назар аударды.

«Халықтың ақпараттылығын арттыру – біздің азаматтарымыздың дауыс беруге белсенді қатысулары үшін маңызды шарт. Сол себепті Алматы әкімдігі Аумақтық сайлау комиссиясының методологиялық қолдауымен call-орталықты іске қосты», –деді ол.

Азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгеннен бөлек, сайлау құқығын жүзеге асырудың екі жолы бар:

-  кем дегенде бір ай бұрын, яғни, 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекенжайы немесе сайлаушы сайлау күні болатын орны бойынша аудандық әкімдікке оны сайлау учаскесін көрсете отырып, сайлаушылар тізіміне қосу туралы өтінішпен бару керек. Содан кейін аудандық әкімдік сайлаушыны өтініште көрсетілген сайлау учаскесінің тізіміне қосады және ол тіркеліп тұрған өңірдегі тізімнен алып тастауды ұйымдастырады;

- тіркелген орны бойынша сайлау учаскесіне келу (сайлау учаскелері а.ж. 26 желтоқсанынан бастап ашылады) және есептен шығару талонын алу. Есептен шығару жеке куәліктерін беру 2021 жылы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 18.00-де тоқтайды. Есептен шығару талонымен елдің кез келген өңірінде дауыс беруге болады, алайда есептен шығару талоны берілген қала ішінде емес (егер сайлаушы сол қалада тіркелген болса).

Call-орталық аптасына 7 күн 8.00-ден 20.00-ге дейін 221-10-01 бірыңғай нөмірі бойынша жұмыс істейді. @sailau_almaty Телеграм-бот көмегімен немесе Open Almaty және service.almaty.kz онлайн-сервистері арқылы ақпарат алып, сонымен бірге өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеруге болады.

ҚР Парламентінің Мәжілісі мен Мәслихаттарының депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген. Сайлау партиялық тізімдер бойынша құпия дауыс беру, жалпыға ортақ негізде және тікелей сайлау құқығы арқылы жүзеге асырылады. Әрбір сайлаушы өз дауысын бір рет және тек бір үміткерге бере алады. Сайлаушылар тұрғылықты мекенжайы бойынша сол немесе басқа учаскеде тіркеледі. Сайлау учаскелері 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап ашылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир