Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде 17 қаңтарда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр, 18-19 қаңтарда екпіні секундына 23 метр жел күтіледі.
17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз кей жерлерінде тұман түседі.
Осыған дейін, синоптиктер алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында - жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрыңғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталатынын хабарлады.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
22.11.2026 15:55