Елімізде энергетикалық сусынды кімге сатуға болмайды

15.07.2024 22:48
Almaty TV

Күнделікті ел азаматтары әп-сәтте сергітіп, күш-қуатты арттыратын энергетикалық сусындардың 30 мың литрін ішеді. «Ұйқыашар» атанып кеткен зиянды өнімге құмартып алғандардың дені – жастар. Қауіпті ескерген ел билігі 21 жасқа дейінгі азаматтарға зиянды сусынды сатуға тыйым салды. Энергетикалық сусыннан келер қауіп қандай? Жаңа заң жастарды қаншалықты тыяды? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық №4 клиникалық аурухана директорының орынбасары, хирург Темірхан Қожахметов жауап береді.