|
29.01.2020 | 17:49
943

Мемлекеттік қызметшілердің Қытайға іссапарлары шектелді

Барлық халықаралық спорттық шаралар, соның ішінде халықаралық теннис турнирі өтпейтін болды.

Мемлекеттік қызметшілердің Қытайға іссапарлары шектелді amp.dnepr.politeka.net

Коронавирус ауруына байланысты Қазақстан Қытайға қатысты бірқатар шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді. «Үкімет ҚХР аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларын шектеу туралы қаулы шығарылды. Барлық халықаралық спорттық шаралар, соның ішінде халықаралық теннис турнирі өтпейтін болды. ҚХР аумағына теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды», - деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, бас санитар дәрігер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируске қатысты ұстанымын жариялады. Оның айтуынша, ДДСҰ Қытайдың эпидемияның алдын алуға қабілетті екеніне сенімді. «Халықаралық ұйым әлем елдеріне Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауға кеңес бермейді. Олар халықаралық қауымдастықты сабырлы болуға, оқиғаға шамадан тыс реакция көрсетпеуге шақырады», - деді Ж. Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир