|
30.06.2022 | 17:52
2600

Алматыда үшем дүниеге келді

Қазіргі уақытта сәбилердің денсаулығы жақсы

Алматыда үшем дүниеге келді vashgorod.ru

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үшем - үш қыз дүниеге келді, деп хабарлайды

 Нәрестелер 1600 және 1400 грамм салмақпен туған. Үшемдер кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Ана мен сәбидің денсаулығы қатаң бақылауда болды.

«Бірінші қыз бастапқыда өздігінен тыныс алды, салмағы төмендеу екі қыз үш күн өкпенің инвазивті емес желдету аппаратында реанимацияда жатты. Жағдайлары тұрақтанғаннан кейін олар патология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта сәбилердің денсаулығы жақсы,  жағдайы тұрақты», - дейді нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Саният Сұлтанова.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында биыл 97 егіз дүниеге келді, ал енді дүниеге келген бір үшем бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир