Елде су тасқынынан зардап шеккен 50 мыңға жуық адам үйіне оралды. Қазір эвакуациялау пункттерінде 5 мың 961 адам қалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарына сай, табиғи апат салдарымен күреске барлығы 14 мыңнан астам адам мен 1 мың 523 техника жұмылдырылған. 8 мың 189 тұрғын үй мен 2 мың 977 аула аумағынан су сорылды.
– Атырау облысындағы Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 150 мың текше метр су сорылды. Қалған 216 үйден су сору жұмыстары жалғасуда. ШҚО Алтай ауданы Зубцова кентінде 18 аула аумағында судың бағыты бұрылды, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп.
Оқи отырыңыз: Елімізде 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр