Алматыда алаяқтық жасаған ағайындылар іздестіріліп жатыр

Ағалы-қарындасты екеу аса ірі көлемдегі бірнеше алаяқтық қылмыс жасаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық полицейлер аса ірі көлемдегі аляқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде туған бауырлар іздестірілуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Полицияға 1988 жылғы Л. мен оның 1990 жылы туған қарындасының үстінен шағым түскен. Арызданушылар ағалы-қарындасты екеудің аса ірі көлемдегі бірнеше алаяқтық қылмыс жасағанын мәлімдеген.Еліміздің барлық қала мен облыстардағы полиция департаментері күдіктілердің қайда екенін анықтау үшін барын салуда. Бұл күдіктілердің қазірдің өзінде басқа да алаяқтық әрекеттер жасап жүруі де әбден мүмкін. Егерде іздестіріліп жатқан күдіктілер жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, Алматыдағы қылмыстық полиция басқармасы мына нөмірлерге қоңырау шалуыңызды сұрайды: 254-41-18, 254-43-84, 254-42-19 или 102» , - деді Алматыдағы қылмыстық полиция басқармасының өкілдері.


Новости партнеров