|
26.05.2022 | 17:55
922

Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Іс-шараға әр ауданнан жиналған жастар қатысып, бақ сынады

Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық сайыс өтті Almaty.tv

Алматыда Sаrbаz Rаce атты әскери-патриоттық сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараға әр ауданнан жиналған жастар қатысып, бақ сынады. Патриоттық сезімді күшейтуге бағытталған сайыс қаламызда жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл жарысты Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бірлесе отырып өткізді.

«Әскери және спорттық бағытта бір-бірімен жарысып, өнерін, спорттық-әскери білімін көрсететін болады. Біз ең жылдам, ең сапалы нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды марапаттап, жүлделі  орындар береміз», – деді Алатау ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қадырбек Файзуллаев.

«Маңызы өте зор. Мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, ата-бабамыз мұраға қалдырған кең байтақ, ұлан ғайыр жерімізді қорғауды тәрбиелеу. ҚР азаматтық борышы – Отан қорғау», – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының кафедра бастығы Арман Жанұзақов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир