|
25.02.2019 | 17:56
6588

Алматыда еңбек мигранттары қажетті құжаттарды бір орталықтан ала алады

Бұрын мұндай қызмет үшін шетелдіктер әртүрлі мекемеге бас сұққан екен

Алматыда еңбек мигранттары қажетті құжаттарды бір орталықтан ала алады

Алматыға жұмыс іздеп келген шетелдіктерді тіркеудің жолы жеңілдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Енді еңбек мигранттары қалада уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсат құжатты бір ғана орталықтан ала алады. Және оның мерзімін де сол жерден ұзартуына болады. Бұрын мұндай қызмет үшін шетелдіктер әртүрлі мекемеге бас сұққан екен. Алайда, Алматыға ағылатын еңбек мигранттарының қатары сирей бастапты. Мәселен, жыл басынан бері қалаға 17 мың шетелдік келген болса, былтыр бұл уақыттағы көрсеткіш 34 мыңға жеткен.

Құзырлылардың мәліметінше, кірмелердің дені алып шаһарға жұмысқа орналасу мақсатында келеді. Олардың көбісі құрылыс саласында жұмыс істесе, жалдамалы көлік жүргізушісі және бала күтушісі болып қызмет ететіндері де баршылық. Сондай-ақ, өз елдерінде қылмыс жасап, Қазақстанға бас сауғалау үшін келгендері де кездеседі екен. Полицейлер орталықтан былтыр осындай халықаралық іздеуде жүрген 6 қылмыскерді қолға түсіріпті.

«Қылмыстық іздеуде жүрген адамдар бар. Сондай азаматтар бірнеше рет ұсталды. Мысалы, Өзбекстан, Тәжікстанда іздеуде жүрген адамдар сол жақтан қашып, осы жерге келіп тіркеуге отырып, осы жерде тұрғысы келеді. Сондықтан ақпараттық жүйені қарап, егер шетелдікке қатысты ондай мәлімет болса, бірден сол жаққа хабарлаймыз», – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Қанат ЕСЕЛБАЕВ.

Бұған қоса, сақшылар Қазақстан көші-қон заңдарын бұзған азаматтардың да тәртібін май шаммен қарауда. Өткен жылы заң талаптарын бұзған 3000-ға жуық шетелдікке ел аумағына бес жылға дейін келуге тыйым салынған болса, биыл 315 адам шекарадан шеттеліп үлгеріпті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир