|
22.10.2021 | 17:57
1042

Ассамблея Қазақстан халқын ұлттық идеяға ұйыстырудың құралы болуы керек – депутат

Сауытбек Әбдрахманов Президенттің балалар құқығын қорғауды ерекше назарға алғаны да тегін емес дейді

Ассамблея Қазақстан халқын ұлттық идеяға ұйыстырудың құралы болуы керек – депутат Almaty.tv

Жас ұрпақтың көп тіл білуі  бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі. Мәжіліс депутаты Наталья Деменьтева «Ассамблеяның кеңейтілген отырысында Президенттің жастарды 2-3 тіл меңгерумен шектелмей, бірнеше тілді үйренуіне үндегені қуантқанын» айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Халық қалаулысы 20 жылдан бері қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге барынша атсалысып жүргенін айтады. Әр қазақстандық мемлекеттік тілді насихаттауға және оның мәртебесін нығайтуға ерекше назар аударуы тиіс деп санайды.  

«Президент «Мемлекеттік тілді міндетті түрде үйрену керек, сонымен қатар, жас ұрпақтың өзге тілдерді білгені жөн» деді. Жалпы, жастар көп тілдерді білетін болса,  бәсекеге қабілетті ұрпақ бола алады», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Деменьтева.

Ал Ассамблеяның кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген депутат Сауытбек Әбдрахманов Президенттің балалар құқығын қорғауды ерекше назарға алғаны тегін емес дейді. Себебі соңғы жылдары бұл мәселе қоғамды алаңдата бастады.  

«Кеңестегі кешегі әңгіме ҚХА-ның жұмысындағы бір белес деуге болады. Өйткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның мақсаты тек қана этностарды біріктіру, кіріктіру, жағдайды тыныштандыру ғана емес, жалпы Қазақстан халқын ұлттық идеяға ұйыстырудың құралы болуы керек дегенді айтты. Бұл Ассамблеяға жаңа міндеттер жүктейді. Балалардың 11-12 пайызы зорлық-зомбылық оқиғаларына ұшырайды. Демек әрбір 9-шы бала осымен бетпе-бет келіп тұр. Көптеген балалар мектепке баруға қорқа бастаған. Бұл алаңдатарлық жағдай, сондықтан Ассамблея осы істерге белсене кіріскелі отыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдрахманов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир