Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі

29.09.2023 22:58

20 мыңнан астам зейнеткерге 1,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

business-vector.info

Алматыда бүгінгі таңда әлеуметтік көмек шараларымен 52 мыңнан астам адам қамтылды және оларға 3,7 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде 20 мыңнан астам зейнеткерге 1,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аз қамтылған азаматтарды, оның ішінде зейнеткерлерді қолдау үшін қалада әлеуметтік көмектің бірнеше түрі ұсынылады.

Әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы орташа табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар немесе егде жандар  (2023 жылы — бұл 149 мың теңге) ие болады. Бүгінгі таңда Алматы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 898 теңгені құрайды.

Мысалы, мұқтаж азаматтарға:

- 7 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 24 150 теңге, олар жартыжылдықта 1 рет төленеді;

-20 АЕК немесе 69 000 теңге-жылына 1 рет;

- су немесе газ есептегіштерін орнату немесе тексеру шығындарын өтеу;

- газ жабдығын жүргізу мен орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу;

- санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету және т. б.

Бұдан басқа, азаматтардың сегіз санаты (зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар) Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты ай сайын 0,5 АЕК немесе 1725 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алады. Қазіргі уақытта бұл көмек түріне 107 мыңнан астам адам жүгінді.

Оқи отырыңыз: Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі