Қазақстан мен Кореяның полициясы бірлесіп жұмыс істейтін болды

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Сеулдегі халықаралық полиция саммитіне 35 елдің өкілі қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Корея қылмысқерді бірге іздейтін болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап. 

Сеулде өткен келіссөзде екі ел полициясының өкілдері осындай мәмілеге келді. Сеулдегі халықаралық полиция саммитіне 35 елдің өкілі қатысты. Полиция басшылары Кореяның қылмысқа қарсы күрес тәжірибесімен танысуға келді. Өйткені жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды жаңа технологиялардың көмегімен іздеуді қолға алған. Кореяның Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір жергілікті мамандар күдіктінің кім екенін шаш немесе қан ізі арқылы анықтауға мүмкіндік беретін тың технологияны әзірлеп жатыр.

Қазақстан Ішкі істер министрінің айтуынша, біздің елде интернет-алаяқтық – жиі кездесетін қылмыс түрлерінің бірі. Бүгінде ол ұрлықтан кейін екінші орында тұр екен. Осыған байланысты ведомство басшысы корейлік әріптестерін киберқылмыспен күресу тәжірибесімен бөлісуге шақырды. Сондай-ақ Қазақстан мен Кореяның ішкі істер министрліктері екі ел аумағында жасырынған қылмыскерлерді бірлесіп іздестіретін болады. 

Оқи отырыңыз: Тонаудың түрлі тәсілін ойлап тапқандардан қалай қорғануға болады

Новости партнеров