Семейде адамдарды өрттен құтқарған 4 азамат марапатталды

Фото: www.inform.kz
Фото: www.inform.kz
«Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» төсбелгісімен Семей қаласының екі тұрғыны Станислав Коряковский мен Сергей Яцук марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

емей қаласының 4 тұрғыны бірнеше адамды өрттен құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Семейде бір отбасын өрттен құтқарған полиция қызметкерлері Диаз Ағзамов пен Азамат Ибрайхановқа «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.

«24 қаңтарда Пархоменко көшесіндегі жер үйден өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалын үйдің кіреберісі мен шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері терезе арқылы ішке кірген. Жедел қимылдаған сақшылар 1963 жылғы ер адамды, оның 1967 жылғы әйелін, 18 жастағы ұлын және 90 жастағы әкесін сыртқа алып шықты. Оларға ешқандай зақым келген жоқ», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» төсбелгісімен Семей қаласының екі тұрғыны Станислав Коряковский мен Сергей Яцук марапатталды. 

«Көрші үйдегі өртті көрген олар еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Жатын бөлменің терезесін балғамен сындырып, қарт кісіні сыртқа алып шыққан. Иіс тиген зейнеткерге жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті», – делінген мәліметте.


Новости партнеров