Түркиядағы апаттан аман қалған Сабина Мамадьярова елге оралды
Almaty.tv
СІМ Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді А.Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.
Осы орайда ол СІМ Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 8 ақпанда Түркиядағы табиғи апаттан кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылғанын жарияланды.
Көп ұзамай оның қолына ота жасалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37