Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу қарастырылмаған – Сұлтан Камалетдинов

Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу қарастырылмаған – Сұлтан Камалетдинов
Қарулы Күштерді мемлекеттен тыс жерде пайдалану жоспарлы және нормативті түрде бекітілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу қарастырылмаған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша, бұл мәселе геосаяси жағдайда халықты алаңдатты. Бірақ Қарулы Күштерді мемлекеттен тыс жерде пайдалану жоспарлы және нормативті түрде бекітілгенін атап өтті.

«Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік операцияларға қатысуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары негізінде ғана жүзеге асырылады. Қаулы негізінде Мемлекет басшысы Парламентке ұсыныс енгізеді. Ал Парламент бекіткеннен кейін ғана Қарулы Күштерді пайдалануға болады. Қазір бұл мәселе қарастырылмаған, келіссөздер де жүргізіліп жатқан жоқ», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

Сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары елімізде әскери міндетін өтегендерді мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жайы да қаралып жатқанын айтып қалды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әскери міндетін өтеушілерді жазғы каникулға жіберу, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар»,  – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

Новости партнеров