Алматы облысының Шамалған ауылындағы орта мектеп ұжымы Алғыс айту күнін атап өтіп, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында көрме ұйымдастырылып, білім ордасының оқушылары мәртебелі мұғалімдер үшін концерт қойды. Сондай-ақ жөндеуден жаңа өткен мұғалімдер бөлмесіне алғашқы боп ардагер ұстаздарды кіргізіп, шашу шашқызды. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкіртінің бойына тәлім мен тәрбие, саналы білім сіңіре білген педагогтер жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын берді.
«Бүгін біздің Алғыс айту күнімен құттықтап шақырды. Еңбегімізді бағалап, құрмет көрсетіп жатқан мектеп ұжымына мың алғыс», – деді ардагер ұстаз Рашида Акчурина.
«Қыркүйектен бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырамыз деп дайындалып жүргенбіз. Бүгін міне осы іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз. Қонақтарымызға керемет көңіл күй сыйладық деп ойлаймын», – деді Шамалған ауылындағы орта мектеп директорының орынбасары Саягүл Сейдағұлқызы.
Оқи отырыңыз: Бүгін – Алғыс айту күні