Іс-шара Отбасы күніне орайластырылды. Форумның мақсаты - әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі ерекше әрі ештеңемен алмастыруға болмайтын рөлін арттыру, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі форум аясында отбасылық тақырыптағы байқауларға ерекше басымдық берілгенін нақтылайды.
Форум аясында мынандай игі шаралар өтті:
- отбасылық тақырыптағы танымал шеберлердің өнер көрмесі;
- бала тәрбиесіне арналған, зорлық-зомбылықтың, құмар ойындардың т.б. жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған деректі фильмдер, бейнероликтер көрсету;
"Әке интеллектуал"; "Креативті әке"; "Шығармашыл әке"; "Спортшы әке"; "Аспаз әке" номинациясы бойынша форумға қатысушы әкелер арасындағы байқау.